«Атырау» Олег Дулубты қызметінен босатты

«Атырау» Олег Дулубты қызметінен босатты
news-banner7
mobile-news-top

«Атырау» басшылығы «Ақтөбемен» өткен ойындағы жеңілісінен (2:3) бас бапкері Олег Дулубты қызметінен босатты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Олег Дулуб «Атырау» клубының бас бапкері болып ағымдағы жылдың мамыр айында тағайындалған болатын. Оның жетекшілігімен батысқазақстандық клуб өткен 14 матчта 3 рет жеңіске жетіп, 8 рет жеңіліс тауып және 3 рет тең ойын көрсетті.

«Атырау» 25 кездесудегі жинаған 18 ұпаймен Қазақстан чемпионатында 11-ші орында тұр.

Айта кетейік, «мұнайшылар» бір жылда екі бапкермен қош айтысып отыр. Бұған дейін 2019 жылдың сәуір айында Виктор Кумыков клуб тізгінен кеткен болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер