русский язык
Футбол

«Барселона» не себепті Алматыға келмеді?

«Барселона» не себепті Алматыға келмеді?

«Қайрат» Алматы қаласының Орталық стадионында каталондық «Барселонамен» жолдастық кездесу өткізу керек болатын.

Бұл туралы алматылық клубтың кеңес төрағасы Қайрат Боранбаев мәлімдеді. Тағы бір айта кетерлігі алдын ала жасалған келісім бойынша, негізгі құраммен бірге Лионель Месси, Хави, Иньеста мен Неймар сияқты әлемдік жұлдыздар да келу керек еді.

Алайда матч әлем чемпионатына байланысты болмай қалды. Мундиальға «Барселона» клубының негізгі құрамының басым көп ойыншылары қатысқан болатын. Әлем біріншілігінен кейін футболшылар демалыс алып, испандық клуб алдын ала жасаған келісімін орындай алмады. Сол себепті бұл идеядан бас тартуға тура келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;