Бокс

Әлем чемпионаты: Жеті боксшымыз шаршы алаңға шығады

Әлем чемпионаты: Жеті боксшымыз шаршы алаңға шығады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Әлем чемпионатының ширекфиналдық ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жарыстың бұл сатысында қазақстандық жеті боксшымыз сынға түседі.

Күндізгі сессияда B рингіне қазақстандық Сәкен Бибосынов көтеріледі. 52 келіге дейінгі салмақта ол армян боксшысы Артура Оганесянмен жұдырықтасады. Тағы бір Армения елінің өкілі Тұрсынбай Құлахметпен 75 келі салмақта жүлдені сарапқа салады. Василий Левит болса иорданиялық спортшы Хуссейн Яшаишпен кездеседі.

Ал кешкі сессияда А рингінде Абылайхан Жүсіпов (69кг), Бекзат Нұрдәулетов (81кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91кг) кездесу өткізеді. Сәйкесінше, олардың қарсыластары - доминикалық Роан Поланко, түрік Байрам Малкан және неміс боксшысы Нелви Тиафак. 57 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев өзбекстандық былғары қолғап шебері Миразизбек Мирзахалиловқа қарсы айқасқа түседі.

Күндізгі сессияның трансляциясы елорда уақытымен 16:00-де басталады, ал кешкі сессия - 20:00-де. Жекпе-жектерді сайтымыздан көре аласыздар.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер