Куртуа «Челсимен» жаңа келісімшартқа отырды
![Куртуа «Челсимен» жаңа келісімшартқа отырды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1410523892_506501278.jpg?v=28697365)
22-жастағы Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа лондондық «Челси» клубымен жаңа келісімшарт жасасты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Англиялық клуб пен Куртуа арасындағы келісімшарт мерзімі 5 жылға жасалған. Қаржылық жағдайы әлі мәлім болған жоқ.
Естеріңізде болса, Тибо Куртуа соңғы 3 жылда мадридтік «Атлетико» сапында ойнаған болатын, осы жылы жалға берілген қақпашы өзінің негізгі командасына қайта оралды.