Бокс

Әлем чемпионаты: 1/4 финалға жолдама алған боксшылар

Әлем чемпионаты: 1/4 финалға жолдама алған боксшылар
news-banner7
mobile-news-top

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының тоғызыншы жарыс күнінде жеті бірдей боксшымыз шаршы алаңға көтерілді.

Ширек финалға 7 спортшымыздың тек біреуі жолдама ала алмады. Өзге алты боксшымыз қарсыластарынан айласын асырып, сәтті өнер көрсетті.

52 келіге дейін: Сәкен Бибосынов - Юберхен Мартинес (Колумбия) 5:0

57 келіге дейін: Қайрат Ералиев - Чатчай Бутди (Тайланд) 5:0

63 келіге дейін: Зәкір Сафиуллин - Энди Крус (Куба) 0:5

69 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов - Ник Бир (Германия) 5:0

81 келіге дейін: Бекзат Нұрдәулетов - Кено Машадо (Бразилия) 4:1

91 келіге дейін: Василий Левит - Марат Григорян (Украина) 5:0

91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев - Аюб Гадф (Испания) техникалық жеңіс

Бір күн бұрын 75 келі салмақта жұдырықтасатын Тұрсынбай Құлахмет ширек финалға өткен болатын. Осылайша 1/4 финалға жеті боксшымыз жолдама алды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер