ММА

Дастин Порье: Конор, мықты болсаң, мені 90 секундта құлатып көрші

Дастин Порье: Конор, мықты болсаң, мені 90 секундта құлатып көрші
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Дастин Порье Конор МакГрегорге өзін бұрынғыдан да тез жеңуді ұсынды, деп жазады Prosports.kz.

Еске сала кетелік, 2014 жылы қос спортшының арасында өткен жекпе-жекте МакГрегор Порьені 1 минут 46 секундта жеңген болатын

«Рейтингте мен екінші орында тұрмын, ол үшінші орында. Егер біз рейтинг дегенді керек ететін болсақ, онда біздің жекпе-жегіміздің мәні бар. Біз екеуміз де бір адамнан жеңілдік. Егер сен менімен төбелескің келсе, кәнеки, мені 90 секундта құлатып көрші", деді Порье Конор МакГрегорға.

Еске сала кетелік, ресейлік Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақта UFC рейтингінде бірінші орында тұр. Ол 2018 жылы Конор МакГрегорды жеңсе, биыл Дастин Порьені қылқындыру әдісімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер