Бокс

Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылдың қазанның 26-ы күні Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қанат Ислам (26-0, 21 KO) келесі жекпе-жекте Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі.

Кездесуде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақта WBO International чемпион атағы сарапқа салынады.

Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 10-шы орында тұр.

2018 жылы Уолтер Каутондоква WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) кездесіп, ұтылып қалған еді.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегінде доминикандық Хулио де Хесусті (27-1,25КО) бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер