Бокс

Тағы бір қазақ боксшысы дебюттік жекпе-жегін өткізді

Тағы бір қазақ боксшысы дебюттік жекпе-жегін өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Ержан Ордабаев кәсіпқой рингтегі қадамын сәтті бастады, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші орташа салмақ санатында бақ сынайтын Ержан Мәскеуде өткен дебюттік жекпе-жегінде Беларусь боксшысы Антон Бекишті (5-20-1, 4KO) жеңді. Бірінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберген, ал үзілісте Бекиш жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

33 жастағы Бекиш 2012 жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүр.

Айта кетейік, Ордабаев 2018 жылы әуесқой бокста студенттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер