Грек-рим күресі

Ең атақты балуан Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатына қатыса алмады

Ең атақты балуан Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатына қатыса алмады
news-banner7
mobile-news-top

Үш дүркін Олимпиада чемпионы, бес мәрте әлем чемпионатының жеңімпазы, кубалық Михаин Нуньес Лопес күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатына қатыса алмайды, деп жазады Prosports.kz.

Қолда бар деректерге сүйенсек, Лопестің салмағы 150 келіге жеткен. 130 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесуі тиіс болған балуан осылайша әлем чемпионатынан тыс қалды. Оның орнына Оскар Пина есімді спортшы күресіп жатыр. Оскар Олимпиада лицензиясына ие болғанын да айта кету керек.

Естеріңізге сала кетейік, Михаин Нуньес Лопес 2008, 2012, 2016 жылдардағы Олимпия ойындарының алтындарын олжалаған грек-рим тарихындағы ең үздік балуан саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер