Басқа

ВИДЕО. Аралас жекпе-жек шебері көлік жүргізушілерін соққыға жықты

ВИДЕО. Аралас жекпе-жек шебері көлік жүргізушілерін соққыға жықты
news-banner7
mobile-news-top

Әлеуметтік желіде Қырғызстан азаматы Алмаз Мамасабировтың Екатеринбург көшесінде екі жігітпен төбелесіп жатқаны жайлы видео таралып жатыр, деп жазады Prosports.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Ролик YouTube-те жарияланды.

Онда Мамасабировтың такси жүргізушісі болып жұмыс істейтіні айтылады. Оқиға болған күні клиенттерін жеткізіп салмақ болған Мамасабировтың жолын екі адам отырған өзге автокөлік бөгеген. Алмаз жол беруді сұрағанда олар дөрекілік танытады. Такси жүргізуші спортпен шұғылданатынын ескертіп, жағдайды бейбіт жолмен шешуге тырысқан. Алайда олар одан көліктен шығып, "басқа жерде сөйлесуді" талап еткен.

Мамасабиров күрес әдісін қолдана отырып, бірнеше секундтың ішінде екеуін де сұлатып салады.

Алмаз аралас жекпе-жекпен айналысатын болып шықты.

Таяқ жеген екеу оның үстінен полицияға арызданған.

Фото: UFCbet.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер