Бокс

Иса Левит үшін кек алмақшы

Иса Левит үшін кек алмақшы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев (20-0, 15КО) 2 қарашада Екатеринбургте (Ресей) Олимпиада чемпионы Евгений Тищенкомен (5-0, 3КО) WBO Intercontinental титулы үшін айқасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы RCC Boxing Promotions ресми порталы мәлім етті.

Евгений Тищенко – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы. Дәл осы боксшымен Риода қазақстандық боксшы Василий Левит финалда кездесіп, Тищенко күмәнді жеңіске жеткен болатын.

Ақбербаев - Тищенко айқасы он раундқа есептелген.

Айта кетсек, Ақбербаев соңғы айқасын 2017 жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Ол кездесуінде Босния мен Герцеговинадан келген Мирнес Денадичті (12-12-2, 6КО) жеңді.

Сонымен қатар, бір жылдары Иса Головкинмен бірге бір командада жаттыққан.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер