Грек-рим күресі

Күрестен ӘЧ: Асхат Ділмұхамедов финалға өте алмады

Күрестен ӘЧ:  Асхат Ділмұхамедов финалға өте алмады
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында 77 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық балуан Асхат Ділмұхамедов финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Асхат жартылай финалда Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері, венгриялық балуан Тамаш Лоринцке есе жіберді. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Алайда, соңғы ұпайды иеленген Асхаттың қарсыласы финалға жолдама алды.

Айта кетелік, Ділмұхамедовтің Токио Олимпиадасына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Мейрамбек Айнағұлов финалға өте алмады

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер