Александр Седнев: Біз баяу қимылдадық

news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбенің» бас бапкері Александр Седнев «Атырауға» қарсы матч жайлы ойын білдірді, деп хабарлайды ақтөбелік клубтың баспасөз қызметі.
- Біріншіден, баршаңызды жеңіспен құттықтаймын. Біз жеңіске лайықты болдық. Бірінші тайм тартысты өтті. Қауіпті шабуылдар аз болды. Қарсылас көбіне стандарттан гол соқты. Біз баяу қимылдадық. Себебі ойыншылар ойын нәтижесін ойлап, еркін қимылдай алмады. Есепте алға шығып алған соң есепке қанағат тұтып қалғандай болдық. Екінші таймда ойынымызды өзгерттік. Бізде ойыншылар тапшы екенін мен бұрын да айтқанмын. Сондықтан бізге әр ойыншы қымбат, әсіресе шабуыл шебінде ойнайтын ойыншылар. Екінші таймда позициялық шабуылдарды көп жасадық. Қарсылас ойын жылдамдығын бәсеңдеткісі келді. Қуанышымызға орай, қорғаныстан саңылау таба білдік. Осындай «камбек» көріп отырмыз. Біз тап үзіліске кетер кезде гол жіберіп алдық - бізде ойынды өзгертетін уақыт болды. Ал қарсылас командаға уақыт жетпей қалды.
Барша жанкүйерлерге көп-көп рахмет айтамын. Олар бізге әрдайым дем беріп келеді. Жеңіске деген сенімдеріңізге рахмет. Біз ұзақ үзілістен кейін жанкүйерлерімізді қуантқымыз келді. Өздерін өзгерте алғандары үшін мен футболшыларыма алғыс айтамын. Құдайға шүкір, ойыншылар ойын тізгінін өз қолдарына алып, керекті нәтижеге қол жеткізді. Ойын соңында басымдық толықтай бізде болды. Әуеден келген доптардың бәріне үлгеріп жаттық. Қарсыластың адымын аштырмадық. Біз тәуекелге бардық. Артымызда бос кеңістік көп қалған еді.
- Командаға жақында қосылған Хрвое Миличевичті жасыл алаңда қай кезде көре аламыз?
- Ол жарақатынан әлі толық айыққан жоқ. Қараша айына дейін толық жазылып болады. Ол біздің дәрігерлік штабтың қарамағында жаттығып жатыр. Жарақатын асқындырып алмас үшін біз оны әзірге алаңға шығармаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер