Грек-рим күресі

Алмат Кебіспаев: Қоржынға жүлде салғаныма қуаныштымын

Алмат Кебіспаев: Қоржынға жүлде салғаныма қуаныштымын
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан командасының үздігі Алмат Кебіспаев қазақ жанкүйерлерін қуантқаны үшін бақытты екенін айтты деп хабарлайды Prosports.kz, Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

«Әлем чемпионатындағы кезекті медальмен барша жанкүйерлерді құттықтаймын. Белдесуде бар күшімді салдым. Өз жерімізде өтіп жатқан, өз жанкүйерлеріміздің қолдауын сезінген әлемдік сында медаль алмау әбестік болар еді. Қиқу қосып, дем берген барша жанкүйерге алғыс айтамын.

Бұл 63 келі салмақ дәрежесі Олимпиада бағдарламасына енбеген. Көпшілік ағаларымның өтініші бойынша салмақ қуып, 63 келіде белдескен болатынмын. Алты келідей салмақ қуу оңай болған жоқ. Дегенмен, менің олимпиадалық салмаққа оралып, жолдамаға таласатыным сөзсіз.

Кешегі жартылай финалға келер болсақ, жапон балуаны мықтылығын дәлелдеді. Дегенмен, қоржынға жүлде салғаныма қуаныштымын»,- дейді Алмат.

Алмат Кебіспаев әлем чемпионаттарындағы төртінші жүлдесін иеленіп отыр. Ол 2011 жылы Стамбулдағы әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанса, 2010, 2015 және 2019 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегерлер қатарына енген.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер