Грек-рим күресі

Қорлан Жақанша: Финалдық белдесуде асығыстық жасадым

Қорлан Жақанша: Финалдық белдесуде асығыстық жасадым
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қорлан Жақанша Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, ақтық сында қандай қателік жібергенін айтты.

"Шыны керек, финалда тым асығып кеттім. Тезірек алтын алсам, тезірек тұғыр биігінде тұрсам деген ой ғана болды. Осының салдарынан қарсыластың құрсауына тез түсіп қалдым. Өйткені, финалға шыққан спортшының жалғыз-ақ арманы болады. Ол - алтын алу. Сол себепті, өз қателігімнен жеңілдім.

Жалпы, турнир мен үшін оңай болған жоқ. Қарсыластарымның бәрі қарымды. Әсіресе, былтырғы әлем чемпионы, әзірбайжандық Азизлиді жеңгенім үлкен рух берді. Тіпті, әлем чемпионатының финалына шыққаныма сене алмадым. Өз өзіме келе алмай, өз өзіме сенбей ұзақ жүрдім. Мүмкін, осының бәрі маған қосымша жүк болған шығар.

Егер бапкерлерімнің нұсқауымен күрескенімде, бәрі басқаша болушы ма еді?! Олар асықпауды, төрт тағаннан ұпай алып бастауды тапсырған еді. Өзімнің асығыстығымнан ұтылдым", - дейді Қорлан.

Айта кетелік, бүгін 55 келідегі финалдық сында Қорлан Жақанша Нугзари Цурцумиядан ұтылып, күміс медаль тағынды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер