русский язык
Бокс

Жақиянов Еуропа чемпионы атағын қорғап қалды

Жақиянов Еуропа чемпионы атағын қорғап қалды

Жеңіл салмақтағы Еуропа чемпионы Жанат Жақиянов Минскіде грузиялық Гаги Эдишерашвили бірінші раундта нокаутқа құлатып, WBC Eurasia Pacific Boxing Council атағын жеңіп алды.

Жанат өз қарсыласын бірінші раундта нокаутқа құлатты. Осыған дейін Гаги Эдишерашвилиді «тбилисилік ұтылмайтын нокаутшы» деп атап келген. 30 жастағы Жанат Жақияновтың ендігі қарсыласы – австралиялық боксшы Фред Мундраби. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Мельбурндағы (Австралия) «Hisense Arena» аренасында өтеді. Австралиялық боксшы осы уақытқа дейін 18 жекпе-жек өткізіп, 15-де (7-і нокаут) жеңіске жеткен. Фред Мундраби 2 кездесуде ұтылып, 1 кездесуі тең аяқталған. Сонымен қатар, ол өзінің EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы атағын қорғап қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Жанат Жақиянов үшін Фред Мундрабимен болатын жекпе-жек кәсіпқой алаңда 25-ші жекпе-жегі болады. Осыған дейін ол 23 рет (оның 16-сы нокаут) жеңіске жетіп, 1 рет ұтылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;