русский язык

Тай елінен үш алтын. Шардараның жігіттері жарады

Тай елінен үш алтын. Шардараның жігіттері жарады

Қыркүйек айының 6-шы  жұлдызында Тайландтың  Паттайя қаласында қол күрестен «ROYAL  GARDEN  PLAZA» атты халықаралық турнир өтті. 11-ші рет жалауын желбіреткен жарыста әлемнің  20 елінен 500-ге жуық спортшы бақ сынаған.

Турнирдің ережесіне сай жарыстар 75 , 85, және 85 келіден аса жоғары салмақ дәрежесінде өтті.  Айтулы турнирде Қазақ елінің намысын  Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының спортшылары қорғады.

75 келі салмақта ел намысын қорғаған әлем және азия чемпионы Мағжан Шамиев ақтық сында  жарыс қожайыны тайландтық спортшы Бук Сутиуаттан басым түсті.

85 келі салмақта әлем кубогінің игері Шынболат Райханов  қарсыластарының бәрін ұтып екінші алтын медалды қоржынға салды.  Аса ауыр салмақта жарыс жолына шыққан  әлем және азия чемпионы Қыдыр Оңғарбаев турнирдің абсолютты чемионы атанды.  Максималды нәтиже көрсеткен ол алтыннан алқа тағып командаға жеңіс сыйлады. 

Қазақстан құрамасы бейресми жалпыкомандалық есепте бас жүлдеге ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;