русский язык
Бокс

«Чемпиондар айқасының» екінші күнінде «Astana Arlans» жеңімпаз шықты

«Чемпиондар айқасының» екінші күнінде «Astana Arlans» жеңімпаз шықты

«Чемпиондар айқасының» екінші күнінде «Астана арландары» «Сuba Domadores» командасынан 3:2 есебімен басым түсті.

Алғашқы жекпе-жекте Мирас Жақыпов (52 келі) Йосбани Вейтиадан 3:0 есебімен айласын асырды.

52 кг: Мирас Жақыпов – Йосвани Вейтиа – 3:0 (49:46, 49:46, 48:47);

60 келіде төбелескен Роман Щегринов қарсыласы Лазаро Альварес Эстрададан 0:3 есебімен ұтылып қалды.

60 кг: Роман Щегринов – Ласаро Альварес – 0:3 (44:50, 45:50, 45:50);

69 келі салмақта Ел үмітіп арқалап шыққан Мадияр Әшкеев  Лондон Олимпиадасының чемпионы Рониел Иглесиас Сотолонгоны 2:1 есебімен жеңді.

69 кг: Мадияр Әшкеев – Рониель Сотолонго – 2:1 (47:48, 48:47, 49:46);

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Хрвое Сеп  Хулио Сезар Ла Круздан айласын асыра алмады. Есеп — 0:3

81 кг: Хрвое Сеп – Хулио ла Крус – 0:3 (46:49, 46:49, 46:49);

Аса ауыр салмақта Филип Хргович (+91 келі) Йоанди Тойрак Ортеганы нокаутқа түсірді.

+91 кг: Филипп Хргович – Йоанди Тойрака –  техникалық нокаут.

Естеріңізге сала кетейік, кешегі жекпе жекте «Сuba Domadores» 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қорытынды есеп - 4:6.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;