Бокс

Әли Ахмедов америкалық боксшымен жұдырықтасудан бас тартты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Әли Ахмедов Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин – Сергей Деревянченко жекпе-жегінің андеркардында америкалық боксшымен жұдырықтасудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы орта салмақта WBC (USNBC) тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы Алантес Фокспен (25-1-1, 12 КО) жекпе-жек өткізу қажет болатын. Америкалық боксшының айтуынша Әли Ахмедов жұдырықтасудан бас тартқан.

Әли Ахмедов мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 8 маусым күні өткен соңғы кездесуінде америкалық Маркус МакДэниэлді жеңіп, екінші орта салмақта WBC International Silver белбеуін иемденген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек 5 қазан күні Нью-Йорк қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер