Харсан Лас-Вегастағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық кәсіпқой боксшы Ескендір Харсан (6-0, 5КО) америкалық Исидро Очоамен (7-0, 3КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшедi.
Екінші жеңіл салмақтағы айқас ертең, яғни 15 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05:00-де Лас-Вегастың (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтеді. Жекпе-жек 8 раундтан тұрады. ⠀
Қазақстандық боксшы қарсыласынан біршама ауыр болып шықты. Ескендірдің салмағы - 122,4 фунт болса, Исидро Очоаныкі - 122 фунт.
Бұл кештің басты оқиғасы – суперауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы британдық Тайсон Фьюри (28-0-1, 20КО) мен швециялық Отто Валлиннің (20-0, 13КО) айқасы.