Теннис

Рыбакина Қытайдағы жарыстың финалына шықты

Рыбакина Қытайдағы жарыстың финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан турнирдің финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/2 финалда Рыбакина жергілікті спортшыны қапы қалдырды. Екі сағатқа жуық созылған матча турнирдің 4-ші ракеткасы Пэн Шуайды үш сетте 6:1, 3:6, 6:2 есебімен ұтты.

Шешуші матчта Елена швед теннисшісі Ребекка Петерсонға қарсы кортқа шығады.

Еске сала кетейік, осы жылы Елена Рыбакина мансабында тұңғыш рет WTA санатындағы жарысты жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер