Грек-рим күресі

Балуандарымыз Әлем және Азия чемпиондарына қарсы белдеседі

Балуандарымыз Әлем және Азия чемпиондарына қарсы белдеседі
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қорлан Жақанша (55 келі) мен Алмат Кебіспаев (63 келі) жартылай финалда белдесуге мүмкіндік алды.

Жақанша финалға жолдама алу үшін әйгілі әзербайжандық әлем чемпионы Эльдениз Азизлиден айла асыруы тиіс. Азизли өткен жылы Будепеште өткен жаһандық додада топ жарған болатын. Сондай ақ Еуропа чемпионы деген атағы да бар.

Кебіспаевтың келесі қарсыласы Рио олимпиадасының күміс жүлдегері жапондық Ото Шинобу. Өткен жылы Азия чемпионатында да қарсылас шақ келтірмей, үздік атанған болатын.

Айта кетейік, Демеу Жадраев (72 кел) неміс балуаны Видмаерден ұтылған еді.

Мақсат Ережепов болса ширек финалда әзербайжандық Рафик Хусейновқа есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.

Жартылай финалдық белдесулер елорда уақыты бойынша 18:00-де басталады.

Күрес түрлерінен әлем чемпионатының қызықты деректері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер