Бокс

Бокстан әлем чемпионаты-2019: Тікелей трансляция

Бокстан әлем чемпионаты-2019: Тікелей трансляция
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін ресейлік Екатеринбургте бокстан әлем чемпионатының алдын ала кезеңіндегі жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Күндізгі сессияда В рингіне қазақстандық Сәкен Бибосынов көтеріледі. 52 келіге дейінгі салмақта ол моңғол боксшысы Энхмандах Хархуумен жұдырықтасады.

Ал кешкі сессияда А рингінде Зәкір Сафиуллин кездесу өткізеді. 63 келіге дейінгі салмақта канадалық Томас Блуменфельдпен қолғап түйістіреді. Ал 75 келіге Тұрсынбай Құлахмет чехиялық боксшы Милос Бартлмен күш сынасады.

Күндізгі сессияның трансляциясы елорда уақытымен 16:00-де басталады, ал кешкі сессия - 20:00-де. Жекпе-жектерді сайтымыздан көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер