Командалық

«Астана»  баскетбол клубының бас бапкері: Жаңа маусымда да жерге қаратпаспыз

«Астана»  баскетбол клубының бас бапкері: Жаңа маусымда да жерге қаратпаспыз
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» баскетбол клубының бас бапкері — Эмиль Райкович эксклюзивті сұхбатында маусым алдындағы дайындық жөнінде, Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионаты жайлы сөз қозғап, алдағы маусымға арналған жоспарлары туралы айтты, деп жазады Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап

- Эмиль, жаңа маусымға дайындық қалай өтіп жатыр?

- Маусымға дайындық жолдастық ойындармен басталды. Бүгінге дейін үш жолдастық ойын өткіздік. Бірінші матч Пренай қаласының (Литваның бірінші дивизионы) CBet командасына қарсы ойында жеңіске жеттік. Екінші матчта мәскеулік «Химкимен» ойнасақ , кеше «Нептунаспен» тең түстік. Барлық үш ойында командамыздың әлеуетін көрдік, бірақ әлі де жұмыс істеу керек.

- Маусым аралығында легионерлер құрамы толығымен жаңартылды. Жаңадан келген баскетболшылар туралы қысқаша айта кетіңізші?..

- Маусымаралық ойындарда біраз легионерлер командадан кетті. Біз ойыншыларымыз ауысып кеткен басқа клубтармен қаржылық жағынан бәсекелесе алмадық. Кейбір легионерлерді қалдырғымыз келді, бірақ бұл мүмкін емес еді, себебі сәтті маусымнан кейін олардың бағасы екі-үш есе өсті. Осылайша біз жаңа легионерлерді іздеуге мәжбүр болдық.

- Алдағы маусымда команда алдында қандай міндеттер тұр және сіз жеке болжамыңызды айта аласыз ба?

Басқа командалардың құрамдары өте күшті және бюджеттері бізден анағұрлым көп, бірақ біз әр ойында жеңіске жетуге тырысамыз және плей-оффқа кіру үшін жанталасамыз. Жеңіске жету жолында биік міндеттер туралы ұмытпау керек.

- Өткен маусым "Астана" үшін клуб тарихында ең табысты болды.

- Шынымен де өткен маусым клуб тарихындағы ең жақсы маусым болды. Табыстың құпиясын айту қиын, өйткені әр маусымда әртүрлі жағдайлар бар және оларға бейімделу керек.

- Алдағы маусымда 2021 жылғы Азия кубогының іріктеуі басталады. «Астана» тағы да ұлттық құраманың негізіне айнала ма?

- Иә, «Астана» жыл сайын команданың негізі болып жүр, өйткені үздік ойыншылар осында жиналған. Кез келген мықты қазақстандық ойыншы — құраманың әлеуетті ойыншысы.

Қытайда әлем чемпионатын тамашалап жүрсіз бе? Қай команданың жанкүйерісіз?

- Әлем біріншілігіндегі бірде-бір команданың жанкүйері емеспін, бірақ жақсы матчтарды тапжылмай тамашалаймын. Бұл турнирде төрешілердің, жаттықтырушылардың және ойыншылардың қателіктері өте көп болды, алайда әдемі сәттер де жеткілікті еді. Жартылай финал мен финалда үздік баскетбол көреміз деп үміттенемін.

Еске сала кетейік, «Астана» баскетбол командасы ВТБ Біріңғай лигасы аясында алғашқы матчын қазандық УНИКС-ке қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер