Командалық

Конфедерациялар кубогының жеребесі тартылды

Конфедерациялар кубогының жеребесі тартылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанда дәстүрлі турнирге айналған Конфедерациялар кубогының жеребесі тартылды, деп жазады Prosports.kz.

Іріктеу жарыстары 5-27 қазан аралығында Орал, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе қалаларында өтеді.

Жеребе қорытындысы мынадай:

А тобы: Алматы қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Павлодар облыстары;

В тобы: Қостанай облысы, СҚО, ШҚО, Жамбыл облысы;

С тобы: Қарағанды, Түркістан облыстары, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары;

D тобы: Қызылорда, Маңғыстау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары.

Айта кетелік, Конфедерациялар кубогының жартылай финалы мен финалдық кездесулері 7-8 желтоқсан күндері Алматыдағы балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Еске сала кетейік, қомақты жүлде қоры 1-3 орын алған командалар арасында бөлінеді. Аталмыш дода бағдарламасына бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, таэквондо мен қазақ күресі кіретін болса, биылдан бастап каратэ-до ойындар күнтізбесіне енгізілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер