Командалық

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Үндістаннан жеңіліп қалды

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Үндістаннан жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионаты топтық кезеңінің алғашқы матчында Үндістаннан жеңіліп қалды, деп жазады Prosports.kz.

Иран астанасы Теһранда өтіп жатқан құрлық біріншілігінде ұлттық құрама үнділіктерден 2:3 (31:29, 25:14, 28:30, 18:25, 15:9) есебімен ұтылды.

Айта кетелік, С тобында Қазақстан құрамасы бір ойыннан кейін үшінші орында тұр.

Еске сала кетейік, ел волейболшылары 14-қыркүйекте Оманмен, ал 15-қыркүйекте – Қытаймен кездеседі. Турнир 21-қыркүйекте аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер