Грек-рим күресі

Әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Әлем чемпионатының жеребесі тартылды
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2019 жылғы Әлем чемпионаты (лицензиялық) 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті әлем біріншілігінде балуандар жүлдеге ғана емес, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасына да таласатын болады. Әлем чемпионатында ( олимпиадалық салмақ дәрежелерінде) үздік алтылыққа енген балуандар Олимпиада жолдамасына ие болады.

Бүгін елордада грек-рим күресінен әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Нәтижесінде 55, 63, 72 және 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандардың қарсыластары анықталды.

Қазақстандық Қорлан Жаханша (55 келі) бірінші айналымда алжирлік Абдилькарим Фергатпен кездеседі.

Ал күресті 1/8 финалынан бастайтын Алмат Кебісбаев (63 келі) болса, индиялық Сагара Сагарнимен белдеседі.

Демеу Жадраевтың (72 кг) алғашқы қарсыласы Палау мемлекетінің спортшысы Джарвиюс-Садам Блесам Тарконг болды.

Іріктеу кезеңінде Мақсат Ережепов (82 келі) жапониялық Юа Окажимамен күреседі.

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионатының бағдарламасы

Күрес түрлерінен әлем чемпионатының қызықты деректері

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер