Велоспорт

«Астана» испаниялық шабандозды қатарға қосты

news-banner7
mobile-news-top

ÐÑпанÑкий гонÑик подпиÑал двÑÑлеÑний конÑÑÐ°ÐºÑ Ñ Â«ÐÑÑаной»

Испаниялық шабандоз Алекс Аранбуру «Астана» велокомандасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, 23 жастағы шабандозбен екі жылға (2020-2021 жылдарға) жарамды келісімшарт жасалған.

Осы маусымда Аранбуру өз елінің Caja Rural-Seguros RGA континенталды командасында өнер көрсетті. Жас болғанына қарамастан, шабандоз бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, осы маусымда ол «Бургос Вуэлтасы» және «Мадрид Вуэлтасы» веложарыстарының кезеңдерінде жеңіске жетті. 2018 жылы ол «Гетчо турын» жеңіп алып, «Норвегия турының» жалпы есебінде 5-ші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер