Қазақстан құрамасы - Азия кубогының жартылай финалисі
![Қазақстан құрамасы - Азия кубогының жартылай финалисі](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1410360424_195932422.png?v=28697369)
Қазақстан құрамасы қытайлық Шеньчженде өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан Азия кубогының жартылайфиналына жолдама алды.
Ширекфиналдық матчта Александр Гутор шәкірттері Иран командасын төрт партияда ұтты – 20:25, 25:16, 25:18, 25:15.
1/2 финалда Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея волейболшыларымен кездеседі. Олар Қытайлық Тайпейді отанына қайтарған болатын – 3:0 (25:16, 25:18, 27:25).