Бокс

Жан Кособуцкий Ресейде шаршы алаңға шығады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін қыркүйек айында өткізеді.

Жеңіліс дәмін татпаған боксшымыз 16 қыркүйек күні өтетін Мәскеудегі Korston Club кешенінде өтетін кеште шаршы алаңға шығады. Қарсыласы 40-жастағы оңтүстікафрикалық боксшы Осборн Мачиман (23-12-2, 17 КО) болмақ. Ол сондай-ақ Үлкен әке (Big Daddy) лақап атымен танымал.

Естеріңізге сала кетейік, Жан Кособуцкий мансабында 10 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 6 қарсыласын уақытынан бұрын ұтқан. Соңғы жекпе-жегінде венесуэлалық Вильямс Хосе Окандо Лерманы (20-7, 16 КО) нокаутқа түсірген.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер