Бокс

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері: Жігіттер тас-түйін дайын

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері: Жігіттер тас-түйін дайын
news-banner7
mobile-news-top

Екатеринбургте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының алғашқы күндері жайлы Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаев пікір білдірген еді, деп жазады Prosports.kz Olymic.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеше 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жектер басталып, бұл салмақта сынға түскен Зәкір Сафиуллин алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтаған болатын.
Ал 10 қыркүйекте Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) шаршы алаңға шығып, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Осы орайда, команда бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев боксшылардың аяқ алысына баға берді. «Сафиуллин бірінші кездесуде жеңіске жетті. Әсіресе, үшінші раундта қарсыласының адымын аштырмады. Зәкірден жеңілген әзірбайжандық боксшы - әлі жастау, жастар арасындағы Еуропа чемпионы. Енді Зәкір канадалық боксшымен жұдырықтасады. Сондай-ақ, Нұрдәулетов те келесі айналымға өтті. Ертең біздің спортшылардан ешкім шаршы алаңға шықпайды. Әзірге әлем чемпионаты өз деңгейінде өтіп жатыр. Әлі жекпе-жекке шықпаған боксшылар жаттығу үстінде. Барлығы да дайын», - дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер