Әлем футболы

Бразилиялыққа бойкот - ПСЖ фанаттары Неймардың соңына шам алып түсті

Бразилиялыққа бойкот - ПСЖ фанаттары Неймардың соңына шам алып түсті
news-banner7
mobile-news-top

Бәленің бәрі Неймардан басталған. Ал париждік клуб жанкүйерлерінің бразилиялыққа қарсы баннер ілгенін қаламайды, деп жазады Prosports.kz.

Collectif Ultra Paris «ультрасы» ПСЖ өкілдерімен Неймар туралы сөйлесуге келген, Шабуылшы трансферлік кезең жабылғаннан кейін әлі алаңға шыққан жоқ. Неймар «Барселонаға» да, «Реалға» да ауыспай, ПСЖ-да қалған болатын.

ПСЖ Неймардың «Страсбурға» қарсы алаңға шығуы мүмкін екенін айтқан, алайда бұл фан-қозғалыс өкілдеріне ұнамай қалды. Есесіне олар екі матчта, дәлірек айтқанда «Страсбур» және «Реалмен» өтетін ойындарда Неймарға қарсы бойкот жариялауы ғажап емес.

«Ультрас» өздерінің нақты шешімдерін сенбі, 14 қыркүйек күні айтпақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер