БИИК-«Қазығұрт»Еуропада тағы да «ерлік» жасады.

БИИК-«Қазығұрт»Еуропада тағы да «ерлік» жасады.
news-banner7
mobile-news-top

Бельгия астанасы Брюссельде әйелдер Чемпиондар лигасыың алғашқы ойыны шымкенттік БИИК-«Қазығұрт» пен «Андерлехт» арасында өтті, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші таймда бір-бірінің аңысын аңдыған қарсыластар есеп аша алған жоқ. Ойынның екінші бөлігінде төреші алаң иелерінің қақпасына пенальти белгілеп, шымкенттік шабуылшы Анна Литвиненко мүлт кетпеді. «Андерлехт» есепті теңестірудің жолдарын қарастырып жүріп, 71-минутта дегеніне жетті. Гол соққан Бритт Ванхамел болатын.

Айта кетелік, қарымта ойын 25 қыркүйек күні Шымкентте өтеді.

«Андерлехт» (Бельгия) – БИИК-«Қазығұрт» (Шымкент, Қазақстан) 1:1 (0:0)

Голдар: 0:1 – Литвиненко (53, пен), 1:1 – Ванхамел (71).

БИИК-«Қазығұрт»: Железняк, Чебел, Бабшук (Зулу, 67), Габелия (Холден, 85), Құлмағамбетова (Реубен, 90+2), Литвиненко, Маккарти, Кундананджи, Роуз, Илич, Денесик.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер