Әлем футболы

Месси: Чемпиондар лигасын жеңуге міндеттіміз

Месси: Чемпиондар лигасын жеңуге міндеттіміз
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» жұлдызы Лионель Месси командасының осы маусымдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Осы маусымда Испан чемпионатын ұтпай, Чемпиондар лигасында топ жаруға келісесіз бе?

- Жоқ. Дәл осылай жазыңыз: жоқ. Әр маусымның басында қайталанатын әңгіме. Шындығында, біз барлық турнирді жеңіп алғымыз келеді.

Біз өз ойынымызды тез табамыз деп үміттенемін. Әрине, Чемпиондар лигасын бағындырғым келеді. Себебі дәл осы жарысты ұтпағанамызға көп болды. «Барселона» Чемпиондар лигасын әр маусымда жеңіп алуға міндетті деп ойлаймын - деді Месси.

Еске сала кетейік, Месси «Барселонамен» бірге Чемпиондар лигасын соңғы рет 2015 жылы жеңіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер