Әлем футболы

«Көрмес түйені де көрмес». АҚШ-та төреші дөрекі қателік жіберді

«Көрмес түйені де көрмес». АҚШ-та төреші дөрекі қателік жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан АҚШ біріншілігінің кезекті турында бас қазы дөрекі қателікке бой алдырды.

«Лос-Анджелес Гэлакси» және «Колорадо» командаларының кездесуі 100 минуттан артық уақытқа созылды. Оған 94-ші минутта «Колорадо» айып алаңында болған жағдай себеп болды.

«Лос-Анджелес Гэлакси» 1:2 есебімен ұтылып жатқан болатын. Әйгілі Златан Ибрагимович намысын қорғайтын команда ойындағы соңғы шабуылдарының бірін ұйымдастырған еді. Ибраның қапталдан асырған пасынан кейін әріптесі допты басымен қақпаға қарай бағыттайды. Әйткенмен доп қиыс кетеді. Шабуылшы допты баспен ұрған кезде қарсылас қорғаушысы оның басынан теуіп алады. Допқа ойнаймын деп дөрекілік танытады. Әдейі емес. Әйткенмен айқын тәртіп бұзу. Кемі сары қағаз, және міндетті түрде 11 метрлік айып соққысы белгіленуі тиіс еді.

Бірақ төреші VAR-дан бейнеқайталауды бірнеше рет көрсе де, ойын тәртібі бұзылмады деп есептеп, матчты жалғастыруды бұйырады.

Кездесу 2:1 есебімен «Колорадоның» пайдасына аяқталды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер