Күрес

Ларионова әлем біріншілігіне қатыспау себебін айтты

Ларионова әлем біріншілігіне қатыспау себебін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионова Нұр-Сұлтанда өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатыспау себебін айтты.

«Рио Олимпиадасынан кейін менде бірнеше рет жарақат болды. Биыл Польшадағы турнир алдында тіземді жарақаттадым. Мамандар маған ота қажет деп айтты. Әрине, үйде болатын дүниежүзілік біріншілікте жанкүйерлер алдында ел намысын қорғағым келді. Бұйырмаған сияқты... Бірақ, басты мақсатым Токиодағы Олимпиада ойындары. Мен жарақаттан айығып, басқа жарыстарда лицензия аламын деп ойлаймын», - деген Ларионова uww asia-ға берген сұқбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер