Каталониялық клуб жанкүйерлерінің саны жағынан Еуропада көш бастады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Барселона» стадионға келген жанкүйерлер саны бойынша еуропалық клубтар тізімінің көшін бастады деп жазады, Prosports.kz Еуропа футбол ассоциациясы ресми сайтына сілтеме жасап.
2018-19-маусымда Каталониялық клубтың «Кам Ноуда» өткізген ойындарына 1,44 миллион көрермен келген. Екінші орында «Манчестер Юнайтед» (1,42), үшінші орында дортмундтық «Боруссия» (1,37). Ары қарай «Бавария» (1,28) және «Реал» (1,15) жайғасқан