Командалық

Қазақстан волейболшылары құрлықтық кубок ойындарына қатысады

Қазақстан волейболшылары құрлықтық кубок ойындарына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Ертең, 13 қыркүйек күні Иран астанасы Теһранда волейболдан ерлер арасында жиырмасыншы Азия кубогы басталады, деп жазады Prosports.kz Қазақстан волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан құрлық біріншілігінің алғашқы матчында Үндістанға қарсылас атанады.

Турнирге төрт топқа бөлінген 16 команда қатысады.Осыдан екі жыл бұрынғы жетістігіне байланысты Қазақстан құрамасы екінші себетке түсіп, С тобында Қытай, Үндістан және Оманмен ойнайды

Басқа топтар:

А тобы: Иран, Аустралия, Қатар, Шри Ланка;

В тобы: Жапония, Қытай Тайпэйі, Тайланд, Гонконг (Қытай);

D тобы: Оңтүстік Корея, Индонезия, Кувейт, Пәкістан.

Қазақстан құрамасы 13-қыркүйекте үндістандықтармен, 14-і Оманмен, ал 15-қыркүйекте – Қытаймен кездеседі.

Турнир 21-қыркүйекте аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер