Күрес

Олимпиада чемпионы: Бораттың еліне баруды армандадым

Олимпиада чемпионы: Бораттың еліне баруды армандадым
news-banner7
mobile-news-top

2016 жылы Рио Олимпиадасында жеңімпаз атанған канадалық балуан қыз Эрика Уибе Instagram желісіндегі парақшасына Қазақстанға баратыны туралы жариялады, деп жазады Prosports.kz.

«Ханымдар мен мырзалар! Тақымдарыңызды қыса отырыңыздар. Біз Қазақстандағы әлем чемпионатына қатысу үшін бара жатырмыз.

Сондай-ақ қосымша айта кетейін, Кэтрин атты құрбым екеуміз театрдан «Борат» фильмін» тамашалау үшін, сабақтан да қашып кеткенбіз. Сол кезден бергі Қазақстанға келуді армандадым. Арманым орындалды», деп жазады Олимпиада чемпионы.

Еске сала кетейік, 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер