Қысқы

Қазақстан биатлоншыларына қатысты шеттету күшін жойды

Қазақстан биатлоншыларына қатысты шеттету күшін жойды
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылдың 10 қыркүйегі күні Халықаралық Биатлоншылар Одағының (IBU) допингке қарсы панелі биатлоннан Қазақстан командасының тоғыз спортшысына тағылған уақытша жарыстан шеттету туралы айыптың күшін жойды деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

2019 жылдың 24 маусымы күні Инсбурк қаласында биатлоннан Қазақстан командасының жарыстан шеттетілген спортшыларына қатысты отырыс өтті. Отырыс IBU Допингке қарсы панелінің бастамасымен өтті. Қазақстандық спортшылар атынан швейцариялық адвокаттар мен Қазақстан Биатлоншылар Одағының бас хатшысы Манас Үсенов сөз алды. Аталған отырыстың шешімі туралы ақпарат бүгін мәлім болды. Қазақстандық спортшылардан допингке қарсы ережені бұзғаны үшін тағылған айыптар алынып тасталды. Сондай-ақ, олардың IBU ұйымдастыратын халықаралық жарыстардан шеттетілуі туралы шешімнің де күші жойылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер