Әлем футболы

Бекхэм Мессиді клубына шақырғысы келеді

Бекхэм Мессиді клубына шақырғысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық «Интер Майами» клубының ортақ иесі Дэвид Бекхэм Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» ойыншысы Лионель Мессиге ұсыныс жасамақ.

Бекхэм Мессидің менеджерлерімен хабарласып, Леоның «Интер Майамиге» ауысуы қаншалықты мүмкін екенін сұраған.

Дегенмен «Барселона» да үздік ойыншысымен қоштасуға әзір емес. Каталондық команда Месси мансабының соңына дейін келісімшартқа отыруды сұраған. Аргентиналық футболшының өзі де «Барселонадан» өзге еуропалық клубта ойнамайтынын мәлімдеді. Күні кеше Лионель Мессидің 2021 жылы Америка чемпионатына ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат шыққан еді.

Айта кетейік, биылғы маусымда Месси жарақатына байланысты «Барселонада» бірде бір матч өткізген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер