русский язык
Бокс

Серік Елеуов Қарағандыдағы бокс мектебін басқарады

Серік Елеуов Қарағандыдағы бокс мектебін басқарады

Афинадағы Олимпиада ойындарының жүлдегері Серік Елеуов Қарағандыда бокстан балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры атанды, деп хабарлайды Қазинформ.

Бұрынғы боксшы бұл ұсынысқа бірден келіскен.

«Жақында ғана мені бокстан олимпиадалық резерв бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қылып тағайындады. Маған ұсыныс тастады, мен оны қуана қабылдадым. Қанша дегенмен, 20 жылымды спортқа беріп, осымен өмір сүрдім ғой. Бұл менің жүрегіме, жаныма жақын. Аталмыш қызмет бойынша іске кіріскеніме көп болмады», - деді Елеуов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;