Әлем футболы

Курбан Бердыев: «Спартакпен» ешқандай келіссөз жүргізбедім

Курбан Бердыев: «Спартакпен» ешқандай келіссөз жүргізбедім
news-banner7
mobile-news-top

Тәжірибелі маман Курбан Бердыев «Спартак» тізгіндеуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Бірнеше күн бұрын БАҚ беттерінде менің «Спартактың» РПЛ аясындағы «Зенитке» қарсы матчына бекерге келмегенім туралы жазылды.

«Рубиннен» кеткелі мен шығармашылық демалыстамын және осы уақытта ешқандай командамен келіссөз жүргізбегенімді мәлімдеймін», – деді Бердыев.

Айта кетейік, ресейлік «Рубин» клубының бас бапкері Курбан Бердыев 2018/19 жылғы маусым аяқталысымен қызметінен кететіні белгілі болды. 66 жастағы маман «Рубинді» 2001-2013 жылдары аралығында жаттықтырды. Сосын 4 жылдық үзілістен соң қазандық ұжымға қайта оралды.

Курбан Бердыев қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. Өйткені ол өткен ғасырдың 80-ші жылдары алматылық «Қайратта» доп тепкен. Ал 90-шы жылдары жаттықтырушы мансабын дәл осы командада бастады. Бұған дейін Курбан Бердыев «Қайраттың» тізгінін ұстауы мүмкін екені туралы ақпарат шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер