ММА

Фергюсон: Хабиб, семіріп кетпе! Біз желтоқсанда кездесуіміз керек!

Фергюсон: Хабиб, семіріп кетпе! Біз желтоқсанда кездесуіміз керек!
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық аралас жекпе-жек шебері Тони Фергюсон желтоқсанда UFC 245 турнирі аясында ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовпен кездесуге дайын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Күні кеше UFC чемпиондық белбеуін қорғап қалған Хабиб Нурмагомедов америкалық аралас жекпе-жек шебері Тони Фергюсонмен кездесуі мүмкін.

UFC президенті Дана Уайт та Тони Фергюсон жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуге үміткер болатынын айтты.

«Мен Хабибке қазір қоңырау шаламын. Бізге желтоқсанда октагонға шығуымыз керек. Оған дейін Хабиб чизбургерлерін жеп, ләззат ала тұрсын. Рахаттана тұр, алайда семіріп кетпе! Мен сенімен желтоқсанда төбелескім келеді!», — дейді Фергюсон ESPN порталына берген сұқбатында.

Нурмагомедов пен Фергюсон неге кездесе алмай жүр?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер