русский язык

Иваноф әуе додасы бойынша әлем чемпионатында топ жарды

Иваноф әуе додасы бойынша әлем чемпионатында топ жарды

Форт-Уэрт қаласында әуе додасы бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Аталмыш сайыста француз Николас Иваноф топ жарды, деп хабарлайды redbull.com.

Чемпион 54,118 сек. нәтиже көрсетті. Екінші боп британиялық Найджелл Лэмб келді – 54,253 сек. Үздік үштікті канадалық Пит Маклеод түйіндеді, оның нәтижесі – 54,666 сек.

«Осындай жолда жеңіске жеткен тамаша ғой. Маған осындай жолдардың атмосферасы ұнайды, мәреге бірінші боп келемін деп ойламадым да», - деп Иваноф ағынан жарылды.

Чемпионаттың келесі кезеңі Лас-Вегаста 11-12 қазанда өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;