Бокс

«Канело» Ковалевпен кездеседі

«Канело» Ковалевпен кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес ресейлік Сергей Ковалевпен жекпе-жек туралы уағдаласты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Екі боксшы 2 қарашада Лас-Вегаста жекпе-жек өткізуге келісті. Кездесу туралы келесі аптада ресми түрде хабарланады.

Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта өтеді.

Айта кетейік, тамызда Ковалев британиялық Энтони Ярдке қарсы жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы белбеуін қорғап қалған болатын.

Жекпе-жектен кейін Ковалев жартылай орта салмақта WBA және WBC белбеулерінің иегері мен екінші орта салмақта WBA тұрақты чемпионы Сауль Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер