русский язык
Футбол

«Қайсар» қайырымдылық шарасын өткізді

«Қайсар» қайырымдылық шарасын өткізді

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Тасбөгет кентіндегі №2 балалар сауықтандыру орталығына барып, қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Ойыншылар мен клуб әкімшілігін орталықтың Жұматова Перизат Алмашқызы бастаған басшылық күтіп алды.

«Бізде 60 шақты бала бар. Ең кішісі үште, үлкені 16-да. Негізі 1 жас пен 18-ге дейінгі балаларды қабылдай береміз. Осылай көмек көрсетіп, қол ұшын беріп жатқандарыңызға рахмет», - деп ағынан жарылды орталықтың директоры.

«Сіздердікі ерлік. Балаларды бауырларыңызға басып, мәпелеп отырсыздар», - деді шара соңында орталық директорына қарап сөз алған «Қайсар» командасының бас бапкері Дмитрий Огай. «Сондықтан, сізге және ұжымыңызға айтар алғысымыз зор. Сіздер секілді қайырымды жандар көбейе берсін. Өз тарапымыздан біз осы орталыққа жиірек келіп тұруға тырысамыз».

Сонымен қатар, команда капитаны Кирилл Шестаков та футболшылар атынан сөз сөйлеп, балалардың толық айығып кетулерін тіледі. Ал жас шабуылшы Елжас Алтынбеков алдағы голын осы балаларға арнауға уәде берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;