Нұр-Сұлтанда ASTANA MARATHON-2019 жеңімпаздары анықталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз8 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда Astana Marathon-2019 марафоны өтті. Халықаралың деңгейдегі спорттық бәсекеге қатысушылар саны бес мыңға жетті.
Осымен бесінші рет өткізіліп отырған турнирге 26 мемлекеттен келген спортшылар қатысты. Бұл Astana Marathon-ның жаңа рекорды. Марафоншылар 10 және 42,195 шақырымға жарысу мүмкіндігін алды.
Ерлер арасындағы сында өзбекстандық Зикирилло Маматкулов (2:26:10) жеңіске жетті. Екінші орында оның командаласы Владислав Мамедов (2:26:53). Үшінші орынды қазақстандық Әмір Байтуканов (2:28:03) иеленді.
Әйелдер арасындағы жарыста қырғызстандық Юлия Андреева жеңіске жетті (2:28:42). Қазақстандық Гүлжанат Жанатбек 2:28:42 нәтижесімен екінші орында. Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Өзбектан өкілі Екатерина Тунгускова көтерілді.
10 шақырымға жарысудан Алексей Гусаров пен Татьяна Нерознак жеңіске жеткен.