Хабиб UFC тарихындағы ең көп гонорарға ие болды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызХабиб Нурмагомедов Дастин Порьені жылдам жеңіп, UFC чемпионы атағын қорғап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Нурмагомедов қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.
Жеңіске жеткен ресейлік балуан 6 090 000 доллар алады. Бұл туралы UFC ресми баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оның 6 миллионы — кепілді гонорар, 50 000 — өнер көрсеткені үшін, ал 40 000 — жекпе-жек алдындағы белсенділік үшін.
6 млн доллар — UFC тарихындағы ең үлкен гонорар. Айта кету керек, Хабибтің гонорарына ақылы трансляцияларды сатудан түскен төлем қосылмады.
Хабибтің қарсыласы Дастин Порье 290 000 доллар гонорар алды.