русский язык
Футбол

Эндрю Мвесигва: «Бас бапкер мені ойнатпайды. Жиі алаңға шығаратын командаға ауысамын»

Эндрю Мвесигва: «Бас бапкер мені ойнатпайды. Жиі алаңға шығаратын командаға ауысамын»

«Ордабасының» қорғаушысы және Уганда құрамасының капитаны Эндрю Мвесигва «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында неліктен шымкенттік клубпен келісім-шартты ұзартпағанын және мәнсабын қайда жалғастыратынын айтты.   

– БАҚ-та сіздің «Ордабасыдан» кететініңіз туралы ақпарат пайда болды. Бұл рас па?

– Иә, рас. Мәнсабымды басқа қазақстандық клубта жалғастырамын немесе басқа чемпионатқа ауысамын. Алайда Қазақстанда қалғым келеді. Себебі осы жақтың премьер-лигасына үйреніп қалдым. Егер мұнда мүмкіндік болмаса, басқа елге барамын.

– Құпия болмаса, мәнсабыңызды қайда жалғастырасыз?

– Бұл құпия. Мен қарашаға дейін «Ордабасының» ойыншысымын, сондықтан басқа командалар туралы айта алмаймын. Жандалсыз кету үшін келісім-шарттың біткенін күтіп жүрмін.

– «Ордабасымен» неге келісім-шартты ұзартпадыңыз? Жергілікті жанкүйерлер сізді жақсы көреді ғой.

– Бас бапкер мені ойнатпайды. Алаңға сирек шығамын. Мен ұлттық құраманың капитанымын және маған сенбейтін клубта ойнай алмаймын. Сондықтан жиі алаңға шыға алатын командаға ауысамын. Мені Шымкентте жақсы көретін адамдарды білемін, мұндайлар көп. Мен де «Ордабасының» жанкүйерлерін жақсы көремін. Алайда бапкер маған ойнауға мүмкіндік бермесе, клубта қала алмаймын. Мен тәжірибелі ойыншымын, өз командам үшін көп нәрсе істедім, оның ішінде Қазақстан Кубогы пен Суперкубогын ұтып алу үші септігім тиді. Сондықтан мені құрметтеу керек.

– Егер Қазақстаннан лайықты ұсыныс болмаса, қай елде мәнсабыңызды жалғастырғыңыз келеді?

– Мен – өз құрамамның капитанымын. Өзімді жоғары деңгейлі ойыншы деп санаймын. Сондықтан кез-келген елде жақсы команда таба алатыныма сенімдімін.

– Құрамаңызда қандай жетістіктер бар?

– Гана құрамасымен тең түстік. Сәрсенбіде өз алаңымызда Гвиней командасымен ойнаймыз. Тобымызда бірінші не екінші орын алғымыз келеді. Егер бұл қолымыздан келсе, Африка ұлттары кубогының финалдық кезеңіне шыға аламыз.

– Қалай ойлайсыз, Қазақстан құрамасының ЕУРО-2016-ға шығуға мүмкіндігі бар ма?

– Неге болмасын? Футбол – бұл футбол. Бәрі мүмкін. Құрамаларыңызға сәттілік тілеймін.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;